Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 15-25 ақпан аралығында өтеді.
Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 2026 жылғы 1 наурыз – 6 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.
Сәттілік!
Тестке бізбен бірге дайындалыңыз!